Жер қойнауын пайдалану саласындағы қадағалау қызметі шеңберінде Ақмола облысының табиғат қорғау прокуратурасы қатты пайдалы қазбаларды барлауды және өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттық міндеттемелерді (қаржылық) орындауы мәселесі бойынша талдау жүргізді, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.
Облыс бойынша келісімшарт негізінде қатты пайдалы қазбаларды барлауды және өндіруді жүзеге асыратын 43 субъект бар екені анықталды.
Әрбір келісімшарт орындалуға міндетті шарттармен қоса жер қойнауын пайдаланушының қаржылық аударымдар арқылы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысуы туралы шарттарды қамтиды.
Жарналар жыл сайын облыстық бюджетке түсуі керек.
Келісімшарттар мен салық органдарының мәліметтерін зерттеу барысында барлық субъектілер аталған жарналарды аудару тұрғысынан келісімшарттың талаптарын адал орындамайтыны белгілі болды.
Жол берілген бұзушылықтар нәтижесінде 13 жер қойнауын пайдаланушылармен өңірді дамытуға 60,5 млн. теңге сомасында әлеуметтік аударымдар төлемеген.
Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша өкілдік ететін уәкілетті орган индустрия және инфрақұрылымдық даму Министрлігіне заң бұзушылықтарды жоюға қатысты ұсыну енгізілді.
Қазіргі уақытта прокурорлық қадағалау актісі негізінде алты жер қойнауын пайдаланушыдан мемлекет пайдасына 14,5 млн.теңге қайтарылып алынды.
Үш кәсіпорынмен келісім-шарт бұзылды. Қалған төртеуі бойынша қайтарып алу жұмыстары жалғасуда.