12 қыркүйекте сағат 16.38 шамасында Шемонаиха ауданының өрт сөдірушілері Шемонаиха қаласы Геологическая көшесінде үйдің ағаш құрылымындағы кіреберіс пен шатыр 50 шаршы метр көлеміндегі өртті жойды, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.
Электр сымдар тұтығының ақаулығы орын алып сол кезекте от кіреберіс пен үй шатырының ағаш құрылымдарына таралып кеткені анықталды. Өрттің шыққанын көршілер байқап, 101 қызметін шақырып, үй иелеріне хабарлаған. Жанып жатқан кіреберістен шығу мүмкін емес болғандықтан, адамдар үйден терезе арқылы шыққан. Өрт сөндіру қызметкелері өртті толықтай сөндірді. Жанап жатқан бөлмеден газ баллоны шығарылды. Өртті сөндіруге жеке құрамнан барлығы 7 адам мен 3 автоцистерна жұмылдырылды. Өрттің себебі – электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу.
13 қыркүйекте сағат 04.52-де Ново-Троицкое кентінде шаруа қожалықтарының бірінің аумағында тұрақта мотор бөлігінің, салонның, "Essil 750"комбайнының дөңгелектері жанып кетті. Келген өрт сөндіру бөлімшелері 25 шаршы метр алаңда өртті сөндірді. Өртті сөндіруге барлығы жеке құрамнан 8 адам мен 2 бірлік техника жұмылдырылды. Өрттің шығу себебі анықталуда.
ШҚО ТЖД өрт қауіпсіздігін еске салады:
- шаруа қожалықтарына, ең алдымен 4 метрден кем емес қорғаныз минерализанданған жолақтарды салу;
- шаруа қожалықтардың қызметкерлерімен қауіпсіздік техникасы бойынжа нұсқаулар ұйымдастыру;
- өрістерде жұмыс жасайтын техниканы өртке қарсы инвентарь мен бастыпқы өрт сөндіру құралдырымен жабдықтау қажет.
Жинау агрегаттары – ек өрт сөдіргішпен, екі штык күрекпен және екі сыпырғымен, тракторлар – бір өрт сөдіргішпен, бір штык күрекпен және ұшқын сөндіргіш орнатылады.
Өрт болған жағдайда шұғыл түрде 101 және 112 нөмірлеріне хабарлаңыз.