Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының орынбасары Б.С. Беркімбаевтың төрағалығымен білім, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау салаларындағы бюрократиядан арылту мәселелері жөніндегі жұмыс топтарының кезекті отырыстары өтті, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.
Іс-шараларға оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің, Агенттіктің және оның аумақтық департаменттерінің өкілдері, мемлекеттік қызмет саласындағы Астана хабының сарапшылар тобы, жергілікті атқарушы органдар мен азаматтық қоғам өкілдері қатысты.
Кеңестердің барысында Агенттік пен оның аумақтық департаменттері жүргізіліп жатқан талдамалық жұмыстың аралық қорытындыларымен таныстырды.
Отырыстардың нәтижесінде, талдамалық жұмыстың толықтығы мен жан-жақтылығын қамтамасыз ету мақсатында талданатын министрліктер мен жергілікті атқауршы органдардың өкілдерін бюрократиядан арылту мәселесі бойынша олар жүргізіп жатқан жұмыстары туралы тыңдау тәжірибесін енгізу ұсынылды.