Пришахтинскіде белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ашылды

925

Қарағандыда тағы бір белсенді ұзақ өмір сүру орталығы жұмыс істей бастады, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Енді Пришахтинск зейнеткерлері бос уақыттарын қызықты әрі тиімді өткізе алады.

Жасы келген қарағандылықтар үшін қызығушылықтары бойынша үйірмелер ашылды. Скандинавиялық жүріс, қазақ және ағылшын тілдерінде сабақтар, үстел ойындары: дойбы, шахмат және домино бар. Орталықта заңгер мен психологтың кеңесін алуға болады.

Сонымен қатар, театрлар мен мұражайларға тегін сапарлар ұйымдастырылады.

- Қазірдің өзінде 30-ға жуық адам жазылды. Тілек білдірушілер одан да көп. Егде жастағы адамдар қарым-қатынасты қажет етеді. Уақыт өте келе біз үйірмелер мен секциялар санын көбейтеміз, әртүрлі мастер-кластар өткіземіз, - деді әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман Гүлнар Қалиева.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -