Ұландық жауынгер IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақша күрестен күміс медаль жеңіп алды

1466

Түрікия еліндегі Изник қаласында IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аяқталды. Ұландық Еламан Қойшыбаев 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Жарыстың соңғы күні палуандар қазақ күресінен алты салмақ дәрежесінде чемпиондарды анықтау үшін боз кілемге шықты. Бұл жарыстарға әлемнің 19 елінен 60 – тан астам балуан қатысты.

Құқықтық тәртіп әскерінің жауынгері Еламан Қойшыбаев келісімшарт бойынша Ақтөбе қаласындағы Ұлттық ұланның 6655 әскери бөлімінде қызмет етеді. Өзінің кәсіби қызметінде ол жедел мақсаттағы батальон құрамында қаланың қоғамдық қауіпсіздігі мен тәртібін қамтамасыз етеді. Жарыста ол Үндістан, Түрікменстан, Иран және Әзірбайжан балуандарына қарсы төрт жекпе-жекте жеңіске жетті.

"Мен бала кезімнен спортпен айналысамын. Қазіргі уақытта мен келісімшарт бойынша әскери қызмет атқарымын. Сонымен қатар спорттық жарыстарға дайындалып жатырмын. Әрбір азамат – өз Отанының қорғаушысы, дене шынықтыруға дайын болуы керек деп санаймын. Ұлттық ұлан басшылығы маған үнемі қолдау көрсетіп, спортпен шұғылдануға жағдай жасайды. Мен бүгінгі жеңісті арнаған командирлеріме алғыс айтқым келеді", - деп атап өтті Еламан.

Жеңімпаздарды мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев құттықтады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -