Индербор кентінде «Индер Су» ШЖҚ КМК-ның өтінімдері бойынша жария тыңдау өтті

783

Индербор кентінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті «Индер Су» ШЖҚ КМК-ның суды таратушы желілер арқылы беру, сарқынды суларды бұру, таратушы желілер арқылы техникалық суды беру реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерінің және тарифтік сметаларының жобаларын талқылау бойынша жария тыңдау өткізді, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Жария тыңдауға жергілікті атқарушы органдарының, Индер ауданының маслихат депутаттарының, «Индер Су» ШЖҚ КМК-ның өкілдері және жергілікті тұтынушылары қатысты.

Жария тыңдау сондай-ақ, тыңдауға келе алмағандар үшін онлайн режимде өтті.

Тариф жобаларына қатысты тұрғындардан сұрақтар қойылып, сәйкесінше Департамент басшысы – Ә.А. Төлеп, Индер ауданы әкімі – Шамұратов Д.Д. және «Индер Су» ШЖҚ КМК-ы директоры – Альмурзиев Ш.Б. жауап берді.

Жария тыңдаулардағы қатысушыларының ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып, Департаменттің шешімі қабылданады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -