Баптау
Тіл
Тақырып
Жаңарту

Тамара Дүйсенова Ұлытау облысына жұмыс сапарымен келді

560

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Ұлытау облысына жұмыс сапарымен келді. Жезқазған және Сәтбаев қалаларында, сондай-ақ Ұлытау ауданында Еңбекминінің басшысы көпбалалы аналармен, мүгедектігі бар адамдармен, ҮЕҰ өкілдерімен, жұмыс берушілермен және еңбек ұжымдарымен, жастармен кездесулер өткізеді, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Сонымен қатар Тамара Дүйсенова өңір активімен кездесіп, баспасөз брифингінде журналистердің сұрақтарына жауап береді.

Жұмыс сапары барысында министр Ұлытау облысының тұрғындарына Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларын іске асыру барысы және ҚР Әлеуметтік кодексінің жобасында көзделген әлеуметтік-еңбек саласын жетілдіру жөніндегі жаңа тәсілдер туралы айтып береді.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Приложение DKNews для Android Приложение DKNews для iPhone
МИА «DKNews» © 2006 -