Балабақшада өрт-тактикалық сабақ өткізілді

22858

Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының №6 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері "Қарлығаш"балабақшасында өрт-тактикалық сабақ өткізді, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Сабақтың негізгі мақсаты-мектепке дейінгі білім беру объектілерінде өртті сөндіру дағдыларын пысықтау. Мұндай мекемелер әлеуметтік маңызы бар объектілерге жатады. Осы ерекшелікті ескере отырып, бұл объектілердің қауіпсіздігі жоғары назар аударуды қажет етеді.

Өрт-тактикалық сабақ өрт дабылының іске қосылуынан және өрт-құтқару қызметі кезекшісінің пультіне екінші қабаттағы жану туралы шақырту беруден басталды. Оқиға орнына өрт сөндірушілер келгенде екінші қабатта қарқынды өрт болып жатқаны анықталды. Келген өрт сөндірушінің негізгі міндеті адамдарды құтқару және шартты өртті сөндіру болды. Балабақшаның ішіндегі газ-түтін қорғаушылар буындары адамдардың бар-жоғына барлау жүргізді. Осыдан кейін шартты өрт ошағы табылып, оны сөндіруге оқпандар берілді. Көп ұзамай жанған өрт оқшауланып, сөндірілді.

"Барлық іс-қимылдар нақты үйлесімді болды. Балабақша қызметкерлері мен өрт сөндірушілер тапсырманы сауатты орындады. Сабақ барысында объектіні сыртқы өртке қарсы сумен жабдықтау тексерілді. Сондай-ақ, мекеме қызметкерлерімен өрт болған жағдайда персоналдың іс-әрекеті, алғашқы өрт сөндіру құралдарын дұрыс пайдалану туралы әңгіме жүргізілді, шұғыл қызметтердің нөмірлерін теру тәсілдері туралы айтылды. Өрт-тактикалық сабақты өткізудің барлық кезеңдерінде жоспарланған барлық іс-шаралар толық көлемде орындалды», - деп сабақтың жетекшісі №6 ӨСБ бастығы азаматтық қорғау подполковнигі К.Б. Дүйсембеков атап өтті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -