21 сағат 03 минутта Қарағанды облысының Қарағанды-Ағадыр учаскесінің Қарабас аралығында вагондар жолдан шығып кеткеннен кейін үзілген пойыздар қозғалысы қайта басталды, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.
Бұрын хабарланғандай, бұл аралықта 6 сағат 15 минутта жүк вагондарының жолдан шығып кетуі орын алған болатын. Соның салдарынан учаскеде қозғалыс тоқтатылған еді.
Компания жолаушылардан туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды. Арнайы комиссия болған оқиғаға тексеріс жүргізуде.