ҚР Журналистика академиясының президенті отандық БАҚ-тың сапасын сынады

828
Фотосурет: ПЖА

Көрнекті публицист Сағымбай Қозыбаев отандық журналистиканың жағдайы көңіл көншітпейтінін алға тартты. Журналистика академиясы президентінің пікірінше, елімізде аталған мамандық сол күйі төртінші билікке айнала алмай отыр. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті журналистика факультетінің профессоры бүгінгі таңдағы отандық БАҚ-тың жай-күйі туралы ойларымен бөлісті.

Қозыбаевтың айтуынша, жалпы Қазақстанда журналистерді даярлаумен 26 жоғары оқу орны айналысады. Қазіргі таңда аталған мамандық иелерінің саны 66 мыңға жеткен. Бұл аз емес, алайда, олардың пайдасы да елеулі деп айтуға келмейді.

Мамандықтың қадірі кеткен! Қажетті әдебиет пен оқу құралдары, сауатты оқытушылар жоқ. Соның салдарынан түлектерді журналист деп айтуға ауыз бармайды. Бәлкім, нарықтың бүгінгі жағдайы солай шығар. Дегенмен, мен үшін бұл ауыр мәселе. Сағымбай Қозыбаев

Мамандық бойынша сапалы жұмыспен қамтылған журналистер санына қарағанда, бұл мәселе отандық БАҚ нарығы үшін де өзекті болып отыр. Сағымбай Қабашұлының айтуынша, бейінді журналистік ЖОО түлектерінің ішінен жүзден бес-алтауы ғана мамандық бойынша жұмысқа орналасады. Ал қалғандары қолдарына ұялы телефондарын алып, әлеуметтік желілердегі оқиғаларды «конспектілеп», өздерін блогер деп атауда.

Бұның барлығы ақымақтық, журналистикаға түк қатысы жоқ. Сағымбай Қозыбаев

Профессордың пікірінше, отандық журналистиканың басты қасіреті – оның елде ықпалы болмауы. Дегенмен, ол уақыт өте келе көршілес Ресейдегідей, бізде де мұнай ықпал пайда болатынына сенім білдірді.

Тәуелсіздіктің отыз жылы дегеніміз тарихи уақыт тұрғысынан қарағанда өте аз. Біздің көпұлтты елімізде достық және тату көршілік қатынастарды насихаттауға талпыну керек. Өкінішке орай, қазір ондай жоқ. Сағымбай Қозыбаев

Профессор өз қызметін енді бастаған және ақпарат алаңында біраз тәжірибесі бар журналистерге марқұм Геннадий Бендицкиді үлгі етті. Сағымбай Қабашұлы Бендицкидің 13 жыл бойы апта сайын журналистік зерттеулер жариялағанын еске салды. Қызметтік жылдарында ол халықаралық және отандық журналистік ұйымдардың түрлі жүлделеріне ие болып, үздік зерттеуші журналист атанды. Оның жариялаған материалдарының негізінде қылмыстық істер қозғалып, әділетсіз үкімдер қайта қаралатын.

Бүгінгі таңда ондай кәсіби мамандарды кездестірмедім. Журналистер бәрінен қорқады, тапсырыс бойынша өтірік, әділетсіз жазады. Журналистиканың жартылай саясат екенін түсіну қажет. Сағымбай Қозыбаев

Сондай-ақ оның пікірінше, отандық журналистиканың тағы бір проблемасы – ұлттық БАҚ-тың бытыраңқылығы. Айтуынша, орыс тілді, қазақ тілді және басқа да ұлттық басылымдар «әртүрлі лагерлерде» жұмыс істейді.

Олай болмауы тиіс. Біз көпұлтты Қазақстанда өмір сүреміз, сондықтан бір бағытта жұмыс жасауымыз қажет. Жаңа нәрсе ойлап таппай, тарихи құндылықтарды насихаттап, қоғамды ағарту керек. Көзді жұмып, көшіре бермей сәтті жұмыс істеп жатқан кәсіби құндылықтар мен тәсілдерді пайдалану қажет. Әрине, қазір бұл жаһандық құбылыс: Ресей батыс телебағдарламаларын көшіреді, ал біз өз кезегімізде, Ресейден алып жатамыз. Негізінен бұл ойын-сауық бағдарламалары. Сағымбай Қозыбаев

Сонымен қатар, ол кәсіби журналистердің бірнеше буынын тәрбиелеген сапалы, қызықты БАҚ-тардың отандық медианарықтан кетіп жатқанына алаңдаушылық білдірді.

Жаздың соңында «Караван» газеті жұмысын тоқтатты. Бірнеше жыл бұрын «Экспресс-К» басылмай қалды. «Новое поколение» басылымы жабылғалы тұр. Барлық осы баспа басылымдары әлеуметтік желілерге көшті, ал онда тіптен қажеті жоқ ақпараттардың өріп жүргені белгілі. Олай болса, мәдениетті насихаттау туралы не айтуға болады? Сағымбай Қозыбаев

Ол қалыптасқан жағдайдан шығу үшін тарихи тақырыптарда қалам тарту қажеттілігіне назар аударды. Профессор өзінің «Еврейская тетрадь» кітабынан үзінді келтірді. Онда автор негізінен Бату ханның орыс ұлы Александр Невский туралы егжей-тегжейлі жазған. Ол Қазақстанда ұзақ уақыт бойы аталған тарихи кейіпкерге тиісті құрмет көрсетілмегенін жеткізді.

Тарихшы ретінде Невскидің орыс тарихының негізгі тұлғасы, Батудың асыранды ұлы ғана емес, Алтын Орда тағының мұрагері және ханның сүйікті ұлы Сартак ханзадамен бірге болғанын атап өту керек. Ол кездері патша мен сұлтан сарайларында қандас туыстар билік үшін күресте бір-бірін оңай өлтіретін. Бірақ аталған бауырластық, "бір жан" қағидасы мызғымас құрметке ие болды, – деген Сағымбай Қозыбаев Александр Невскидің кезінде аралас некелер кең тарағанын еске салды.

Александрдың атасы, ұлы Владимир князі Всеволод Үлкен Ұя, сары қыпшаққа үйленген. Әкесі Ярослав Всеволодович те сары қыпшақпен некеде болған. Сондай-ақ Невскийдің әжесі де, анасы да сары қыпшақтан шыққан. Осылайша, Александрдың үштен екісі немесе тіпті төрттен үш бөлігі сары қыпшақтан тұратыны белгілі болды. Демек, ұлтаралық неке сияқты жағдай халықтар арасындағы берік достықтың көрінісі. Осыны біздің БАҚ-та насихаттау керек. Сағымбай Қозыбаев

Ол журналистік байқаулардың тарихи тақырыптарды ашуға үлес қосатынын тілге тиек етті. Сағымбай Қозыбаев осы орайда былтыр Александр Невскидің 200 жылдығына арналған Nevsky Award жүлдесіне арналған байқауды ерекше атап өтті. 

Мен бұл байқауды өткізу идеясын құлшыныспен қолдаймын. Аталған шара Невскидің жеке тұлғасы мен өмір тарихын баяндаумен қатар, қазақтілді баспасөздің бұл тұлға жайлы білуіне септігін тигізді. Байқау журналистердің еңбектері арқылы Қазақстан халқының негізгі массасы – қазақтар мен орыстардың ортақ рухани тамырлары мен құндылықтары барын көрсетті. Мен үнемі өз студенттерімді осындай интеллектуалды жарыстарға белсенді қатысуға шақырамын. Сағымбай Қозыбаев

Еске сала кетейік, қазір БАҚ өкілдеріне арналған екінші халықаралық жыл сайынғы Nevsky Award-2022 байқауы өтіп жатыр. Өтінімдерді қабылдау аяқталды. Жеңімпаздарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі 2022 жылғы 8 желтоқсанда өтеді.

Светлана Шестернёва, аударған Айдар Урисбаев

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -