Түркістан облысының кітапханасында «Мир әл-Фараби» атты зал ашылды

683

Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында ұлы ойшыл, ғұлама Әбу Насыр әл-Фарабидің мұраларын насихаттауға бағытталған «Әл-Фараби әлемі» атты арнайы зал ашылды. Енді барлық оқырман мен кітапханаға келушілер осы залды тамашалап, ұлы ойшылдың еңбегімен таныса алады, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Арнайы залға кітапхана қорындағы әдеби кітаптардан бөлек, Отырар ауданындағы Әбу Насыр әл-Фараби музейінен құнды жәдігерлер, атап айтқанда, Әл-Фараби сырнайы, кітаптар мен материалдар, Сирияның Дамаск қаласынан алынған музыка ноталарының көшірмесі, сондай-ақ, Отырар ауданының тумасы, ҚР Мәдениет қайраткері, суретші Әділхан Мәліктің картиналары және т.б. экспонаттар мен көрме-композициялар орнатылды. Алдағы уақытта кітапхананың ғылыми қызметкерлерінің көмегімен ұлы бабамызға қатысты жәдігерлер мен құнды әдебиеттер қатарын көбейту жоспарланып отыр.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -