Ақтау гарнизонының әскери теңізшілері оқу-жауынгерлік міндеттерді пысықтады

760

Жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес десанттық-шабуылдау ротасының жеке құрамы Ақтау теңіз сауда портын, теңіз солтүстік терминалы мен объектілерін күзету және қорғау жөніндегі міндеттерді орындады, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Әскери-теңіз күштерінің кемелері базалық аймаққа жорық жасады. Қарсыластың диверсиялық суасты күштері мен құралдарының енуіне алдын алу мақсатында теңіз жаяу әскерлері пирсті күзету мен қорғауды ұйымдастырды. Бөлімшелердің жеке құрамы өрт сөндіру және медициналық тапсырмаларды қолдану бойынша кіріспе тапсырмаларды орындады.

"Қазақстан", "Орал", "Маңғыстау" және "Сарыарқа" әртекті кемелер дивизионының құрамында әскери теңізшілер теңізге шықты.

"Кемелердің құрамалары жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтірілгеннен кейін, әртекті кемелер дивизионы, жеке құрамының әуе шабуылының құралдарының, кемелердің және қарсыластың диверсиялық күштерінің шабуылына қарсы тұру жөніндегі іс-қимылдары пысықталды. Жүзушілер кеменің төменгі бөлігін минасансыздырудан тексерді. Сондай-ақ жаудың диверсиялық күштерін анықтау және шабуыл салдарын жою бойынша эпизодтар пысықталды" командирі 2-дәрежелі капитан Бауыржан Мұратұлы

Командирлердің бағынысты бөлімдер мен бөлімшелерді басқарудағы практикалық дағдыларын, жеке құрамды оларды жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне жеткізу, ескерту жүйесінің тиімділігін тексеру – бұл міндеттер жауынгерлік дайындық тапсырмаларын орындау барысында пысықталды.

Іс-шараларға бір жарым мыңға жуық әскери, 50-ден астам жауынгерлік және арнайы техника, сондай-ақ жауынгерлік кемелер мен жылдам қайықтар жұмылдырылды.​​​​​​​

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -