Биыл Қарқаралы ауданында 20 денсаулық сақтау нысанының құрылысы басталады

704

11 ауылда медициналық пункттер, алты ФАП, тағы үш елді мекенде отбасылық-дәрігерлік амбулаториялар салынады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қарқаралы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі платформасында өткен брифингте әкім Ерлан Құсайын айтып берді.

– Биыл біз ауылдарда 20 Денсаулық сақтау нысанының құрылысын бастауды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, он ауыл мектебінің ғимараттары ағымдағы және күрделі жөндеулермен қамтылатын болады. Білім беру нысандарының материалдық-техникалық базасы жақсартылады. "Жайлы мектеп" жобасы аясында Қарқаралыда 300 орындық мектеп салу жоспарланған. Бүгінгі таңда құрылысқа арналған жер учаскесі анықталып, инженерлік коммуникацияларды жүргізу үшін техникалық жағдайлар алынды, – деп хабарлады Еран Құсайын.

Биыл аудан орталығында 18 пәтерлі екі үй пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, 108 пәтерге арналған тағы төрт көпқабатты үйдің құрылысына ЖСҚ дайындалды.

Жарлы – Қарқаралы топтық су құбырының құрылысы жалғасуда. Аудан халқының сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілуі 89 пайызды құрайды.

 – Бұдан басқа, Қарағайлы кентінде, Бүркітті, Теректі ауылдарында су құбырын салу, Аппаздағы су құбыры желілерін қайта жаңарту жалғасады. Бұл жобаларды іске асыру аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуді 91 пайызға дейін жеткізуге мүмкіндік береді, – деп атап өтті Ерлан Құсайын. – Қарағанды – Қарқаралы Республикалық маңызы бар автожолына орташа жөндеу жұмыстары да жалғасады. Биыл 44 шақырымды қамту жоспарлануда.

Қарқаралы ауданында мәдениет саласына да көп көңіл бөлінеді. Биыл Қызылту және Айнабұлақ ауылдарындағы клубтарды күрделі жөндеуге қаражат бөлінді.

Қарқаралыда орталық стадион мен бассейн құрылысы басталады. Сондай-ақ, ауданда 21 ойын алаңын, төрт футбол алаңын, көше-воркаут аймағын және көпфункционалды хоккей кортын салу көзделген.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -