Бұрымдылар байқауға түседі

50446

Қыз бала, әйел затының бойынан табылатын табиғи сұлулық пен тазалықтың  бір белгісі – қоаң шаш пен ұзын бұрым. Ұлтымыздың дәстүрінде қыз балалардың шашына үлкен мән беріледі. Шашты көрінген жерге тасмау, шашты жинап жүру секілді ескерпелер бар.

Өйткені, ұлттық дәстіріміз қыз баланы, жалпы әйелдер қауымын сыйлай білген. Бұрымды арулар барлық жерде де ерекше көзге түседі, әсіресе темірдей тәртіпті әскери салада да кездестіруге болады. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі  нәзік жанды құқық қорғау органдар қызметшілері  мен әскери қызметшілері арасында  «Бұрымды ару» фото – байқауым ұйымдастыруда. Аталмыш сайысқа Ұлттық ұлан тарапынан бірнеше әскери қызметші қатысуда.

Олармен жақынырақ танысып өтейік. 

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 3514 әскери бөлімінің  Құжаттық қамтамасыз ету бөлініс бастығы бастығы кіші сержант Дина Шәймерденова. 

Дина Рыскелдіқызы жастайнан шаштарына күтім жасайды. Жанұясында оның бұрымдарына ерекше көңіл бөледі. «Кікентай кезімнен ата-анам, жақындарым, әсіресе әжем шатарыма күтім жасауды айтып тыратын. Мектеп кезінде де, кейін жоғары оқу орнына оқуға түскенде де ерекше назарға алып отыратын.

Шаштарымды қысқарту туралы тақырып сөз болмайтын. Өзіме де өз шаштарым ұнайды. Әскери салаға қызметке орналасқанда да шаштарымды саөтап қалуға тырыстым. Бүгінде әріптестерімнің арасында «Бұрымды қыз атандым»»,-дейді Дина.  «Бұрымды қыз» әскери қызметтен бөлек, би түрлерімен қызығады. Спортпен айналысуды да жаны сүйеді. 

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6655 әскери бөлімінің  тыл бөлімінің аға маманы қатардағы Айдана Сағындықова. Айдана Еламанқызы Ұлттық ұлан қатарына келгеніне көп уақыт өткен жоқ. Қыз балаға тән қылығы, нәзіктігі бар. Әскери ортада жүрсе де, әйел затына тән табиғатына адал. Сонымен қатар, ұлттық дәстүрді сақтанады. «Қыз баланың ер баладан ерекшелеп тұратын да ұзын шаш болып табылады. Талай ақын-жыршылар жырларына қосқан  шаштың әйел адамы үшін алатын орны зор. Сондықтан қыз бала, оның ішінде өзіміздің қара көздеріміз шашарына жақсы күтіп көрсеткені абзал. Әскери сала тәртіп пени ұқыптылықты талап етеді. Сол секілді қыз балада өз бойындағы ерекше бұрымдарына күтім көрсеткені жөн. Бұл біздің нәзік табиғатымызды белгісі»,-дейді ол. Айдана Еламанқызы бос уақытында спортпе айналысып, сүйікті кітаптарын оқуды, қызықты фильдерді көруді ұнатады. 

Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5512 әскери бөлімінің аға маманы – бухгалтер қатардағы Айымжан Нұртаев. 

– Әскери қызмет  - адалдық пен тәртіпті талап етеді. Әсіресе, қаржы саласы мұқият болған ләзім. Өйткені, ақша есепті жақсы көреді. Қызмет барысында саптық дайындықпен айалысамыз. Оқу-жаттығу полигонына шығып, қару-жарақтың әр түрімен атамыз. Сол кезде соққан жел, ыстық күн, қытымыр аяз шаштарымызға әсер етуі мүмкін. Соған қарамастан ұзын шатарымызға күтім көрсетеміз. Бұл әр қазақ қызына тән ерекшелік деп білемін. Осы дәстүрімізден айырылмау керекпіз,-дейді Айымжан  Ержанқызы.

Иә, уақыт өте заман өгеріске ұшырайды. Әйел азаматшаларына әр түрлі шаш үлгісін ұсынатын әдемілік индустриясының  әсеріне түсуде. Әскери ортада жүріп, ұлттық дәстүрге және Отанды қорғау ісіне адалдық танытып жүргенҰлттық ұландағцы  бұрымды арулардың қызметі мен байқауына сәттілік тілейміз. 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні құтты болғай!

Майор Дарын Сейітов

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -