Айранның бағасы тым жоғары: билік қандай шаралар қабылдады

13453
Фотосурет: Gov

ҚМА Абай облысы бойынша департаменті ӘМАТ тізбесіне кіретін «Эмиль» өнімдерінің 1л. көлеміндегі майлылығы 2,5% құрайтын, жұмсақ каптамадағы айран бағасының шекті сауда үстемесінің асып кету фактісін анықтады, деп хабарлайды DKNews.kz.

«ЭМТрейд» ЖШС айранды «Эмиль» ЖШС-дан 328 тг. бағасымен сатып алатыны анықталды және кейіннен оны 398 тг. бастап 442 тг. Дейнгі бағамен сатқан (сауда үстемесінің асып кетуі 21,52%-дан 34,88%-ға дейін).

Осылайша, бағаның өсуі өнімсіз делдал-дистрибьютордың сауда үстемесінің 15%-дан асып кетуіне байланысты пайда болды.

Департамент пен Абай облысы әкімдігінің бірлескен жұмыс нәтижесінде тұтынушылар үшін айран құнын 13,1%-ға (570 тг.-ден 495 тг.-ға дейін) азайтуға қол жеткізілді.

Қаржылық мониторинг агенттігі өндірушілер мен дистрибьюторлардың ҚР «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының нормаларын сақтау міндетін тағы да еске салады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -