38335

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да тарихшы-ғалым, профессор Талас Омарбековтің 75 жылдығына және қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған «Тарихпен өрілген тағдыр» атты конференция өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Шара «Ғибратты ғұмыр: Талас Омарбеков» атты кітаптың тұсаукесерімен басталды.

Конференция жұмысына белгілі ғалымдар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, оқытушылар мен студенттер қатысты.

Іс-шара аясында кітап көрмесі ұйымдастырылып, Талас Омарбековтің ғылыми-педагогикалық қызметіне арналған баяндамалар тыңдалды. Әріптестері мен шәкірттері естеліктерімен бөлісті.

Көрнекті ғалым Т.Омарбеков Қазақстан тарихын жаңа бағытта зерттеп, іргелі еңбектер жазып, өзіндік ғылыми мектеп қалыптастырды.

Ғалым 2001 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ежелгі және ортағасырлық тарих кафедрасын басқарып, университеттің «Орталық Азияның дәстүрлі өркениеттерін зерттеу» республикалық ғылыми-зерттеу орталығын құрды.

Профессор Т.Омарбеков Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің мұрағат қорларын пайдалану құқығына ие болған алғашқы тарихшылардың бірі болды. Бұл жұмыстың нәтижелері мақалаларында, ғылыми еңбектерінде көрініс тапты. Ғалымның жетекшілігімен 34 кандидаттық, 7 докторлық және 3 PhD-диссертация қорғалды.

Ұлт тарихының ақтаңдақтарын аршыған ізденістерінің нәтижесінде беделді марапаттарға ие болды.

Ғалымның еңбектері Қазақстан тарихының бай мұрасы болып қала бермек.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -