Заманауи тілтанымдық зерттеулер

4113

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты ұйымдастырған «Заманауи тілтанымдық зерттеулер» тақырыбындағы стенд-конференциясына қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Конференцияда тілші-ғалымдар, профессорлар, филология факультетінің оқытушылары бас қосты.

Жиында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының 2020-22 жылдарда атқарған жұмысы қорытындыланып, қазақ тілін дамытуға қатысты мәселелер талқыланды.

Шарада ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев сөз сөйлеп, институттың тілі білімі саласында атқарып отырған елеулі жұмыстарын атап өтті.

«Ұлтымыздың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы өткен ғасырдың алғашқы ширегінде Қазақ университетінде оқытушы болып, дәріс берген. ​Ғылымды академиялық жолмен ұйымдастыру мақсатында академиялық орталық құрып, кейіннен оның базасында Қазақ ғылым академиясының негізі қаланды. Сол уақыттан бері жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары арасындағы тарихи сабақтастық орнап, бүгінге дейін жалғасын тауып келеді. Сөзіміздің жарқын мысалы ретінде ҚазҰУ мен Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының өзара ынтымақтастығын айтуға болады. Институт бүгін де қазақ тіл ғылымының қара шаңырағы деген биік атағына лайық қызмет атқарып отыр. Алдағы уақытта да мемлекеттілігіміздің нышаны ретінде қазақ тілін дамытуда, оның қолданыс аясын кеңейтіп, мәдениетін арттыруда тілтанушы ғалымдар аянбай еңбек ететіні сөзсіз» Жансейіт Түймебаев

Сөз соңында Жансейіт Түймебаев институт ғалымдарын ҚазҰУ-да көшбасшылық дәріс оқуға шақырды. Сондай-ақ ректор өз сөзінде университет пен Тіл білімі институты ғылыми бағытта бірлесіп жұмыс атқару қажет екенін жеткізді.

Сонымен қатар шара барысында тоғыз ғылыми кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті. Олар: «Ахмет Байтұрсынұлы. «Тіл-құрал» басылымдарының графикалық проекциясы», «Ахмет оқулары – 2021», «Қазақ жазуының ғылыми-лингвистикалық негіздері», «Жаңа әліпби негізіндегі жазба коммуникация: лингвотеориялық зерттеу», «Тіл және сана – 2022», «Әлеуметтік тілтанымдық зерттеулер (2021-2022 жж.)», «Тіл және қоғам (2021-2023 жж.)», «Тілтанымдық мектеп – 2021», «Тілтанымдық мектеп – 2022» жинақтары.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -