ҚазҰУ және ҚР ҰҒА: ғылыми саладағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңі

3667

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті Күнсұлу Закарьямен кездесу өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жүздесуде университет ректоры Жансейіт Түймебаев академия басшысы Күнсұлу Дальтонқызына ҚазҰУ-дың жетістіктері мен алдағы жоспарлар туралы ақпарат беріп, оқу ордасының ғылыми инфрақұрылымымен таныстырды.

Сұхбат барысында әріптестер ғылыми серіктестікті арттыру бойынша пікір алмасты.

«Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ зерттеу мәртебесін алғаннан кейін ғылымға басымдық беру бағыттарын күшейтуде. Бүгінде университет ғалымдары 100 инновациялық жоба әзірлеп шықты. Қазіргі таңда ғылыми жобаларды ілгерілету және коммерцияландыру бағытында жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар студенттер дайындаған стартаптар бар. Университетте 16 факультет, 8 ғылыми-зерттеу институты, 29 ғылыми орталық пен Ғылыми-технологиялық паркі жұмыс істейді. Алдағы уақытта ҚазҰУ мен Ұлттық ғылым академиясы арасындағы ынтымақтастықты жандандырып, бірлескен ғылыми жобаларды іске асыру қажет» Жансейіт Түймебаев

Өз кезегінде ҚР ҰҒА президенті Күнсұлу Закарья серіктестікті дамытуға бағытталған барлық бастамаларды қолдайтынын жеткізді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -