ҚазҰУ бейінді мектеп түлектері үшін тарихи "соңғы қоңырауды" атап өтеді

3652

Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті бейіндік мектебі түлектерінің соңғы қоңырау кеші өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Салтанатты шараға университет басшылығы, ҚазҰУ түлектері, колледж және мектеп бітірушілер, дайындық курсының шетелдік тыңдаушылары, оқытушылар және бітіруші түлектердің ата-аналары қатысты.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев барша бітіруші түлектерді құттықтап, алдағы мақсаттарына жетуіне тілектестік білдірді.

«Университет тарихында алғаш рет кең көлемде ұйымдастырылған соңғы қоңырау салтанатына 70 мектеп бітіруші, 56 колледж бітіруші, 800 тыңдаушы қатысты. Дайындық курсын тыңдаушылардың арасында қандастарымыз, шетелдік студенттер, колледж студенттері бар. Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде Қазақстанмен қатар, Иран, Моңғолия, Ауғанстан, Үндістан, Пәкістан, Жапония, Қытай, Түркия, Өзбекстан елдерінен келген балалар оқиды. Болашақта сіздерді ҚазҰУ студенттері қатарынан көргіміз келеді» Жансейіт Түймебаев

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті 2011 жылы ашылып, бүгінгі таңда АҚШ, Еуропа, Азия, Орталық Азия елдерінен келген шетелдік азаматтар қатарынан 7000-нан астам және 3000-нан астам қазақстандық маманды даярлап шығарды. Білім алушылардың жетістіктерін жоғары бағалаған Жансейіт Қансейітұлы университеттің Ақпарат және коммуникациялар департаменті ұйымдастырған «Super students» телевизиялық таланттар байқауында жеңіске жеткен, Моңғолиядан келген бейіндік мектептің тыңдаушысы Ақгүл Хайролдың оқуға деген талабы мен өнерін ерекше атап өтті.

Университеттің «Фараби медиа» телестудиясы ректор тапсырмасы бойынша Ақгүлдің биіне арнайы клип түсірді. Бұл клип университеттің әлеуметтік желілердегі парақшаларында, телеграм-канал мен ютуб арнасында көрсетілетін болады.

«Сіздер жаңа Қазақстанның іргетасын қалайтын болашақ білікті мамансыздар. Ең ұзақ жол алғашқы қадамдан басталады. Сіздер бейіндік мектепті бітіріп, үлкен өмірге қадам басқалы тұрсыздар. Қадамдарыңыз сәтті болсын!» Жансейіт Түймебаев

Салтанатты шарада колледжді үздік бітірген 15 түлек, 3 «Алтын белгі» иегері, 5 «Үздік аттестат» иегерлері марапатталды. Сондай-ақ 10 белсенді студент пен 5 шетелдік тыңдаушыға дипломдар табысталды.

Салтанатты шарада Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова өз репертуарындағы үздік әндерді орындап, түлектерді мерекелерімен құттықтады. Кеш соңы түлектердің өздері дайындаған концерттік шараға ұласты.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -