Оқушы VR көмегімен планеталарды зерттеудің қызықты әдісін ойлап тапты

2450
Фотосурет: Depositphotos

Екібастұз қаласының №13 жалпы білім беретін орта мектеп оқушысы Александр Каминский VR технологияларын пайдалана отырып, күн жүйесінің планеталарын зерттеуге арналған интерактивті зертхана әзірледі, деп хабарлайды DKNews.kz.

Оқушының айтуынша, жоба білім беру тақырыптарына негізделген интерактивті ойындардан тұрады. Ол тақырыпқа қызығушылықты арттырып, терең іздене түсуге мүмкіндік береді.

«Ойын күн жүйесінің планеталары туралы жұмбақтарды шешуге негізделген. Ойын арқылы түрлі планеталар туралы ақпаратты жаттап алуға болады. Оқытудың бұл әдісі күрделі ұғымдарды есте сақтауға және түсінуге мүмкіндік береді және оқушылардың қызығушылығын арттырады. Жобаны білім беру ұйымдарында, оның ішінде мектептерде планеталар мен күн жүйесін зерттеудің қосымша ресурсы ретінде пайдалануға болады. Оны астрономия сабақтарына қызықты қосымша ретінде немесе сабақтан тыс уақытта қолдануға болады» Александр Каминский

Жобаның ерекшелігі, пайдаланушыларға Күн жүйесінің планеталары және олардың ерекшеліктері туралы ақпаратты зерттеуге практикалық мүмкіндік бер.Тақырыпты оқу немесе фактілерді тыңдаудан гөрі, ойын оқушылардың оқу процесіне белсенді қатысуына ықпал етеді.

«VR технология қарқынды дамып келеді, оның тиімділігі де жоғары. Ол компьютерлік жүйелермен өзара қабыса отырып, біздің ойлау, қабылдау сезімдерімізге визуалды түрде әсер ете алады. Яғни, білім беру, жаттығу мен түрлі сауық сайранға жаңа мүмкіндіктерге жол ашады» Александр Каминский

Айта кету керек, Александрдың болашақтағы жоспар IT-технологияны игеру.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -