Мәселелер мен перспективалар: студенттік спорттың кешенді жоспарын әзірлеу

21912
Фотосурет: Gov

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайханның жетекшілігімен Студенттік спортты дамытудың кешенді жоспарын әзірлеуге байланысты құрылған жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Аталған стратегиялық құжатты әзірлеудің алғашқы кезеңінде осы жұмысты үйлестіруші жоғары оқу орны ретінде бекітілген APESM мамандары тарапынан еліміздегі студент жастардың дене тәрбиесі мәселелері мен студенттік спорттың қазіргі жағдайына зерттеу жүргізіліп, аталған мәселеге байланысты еліміздің бірқатар ЖОО берген ұсыныстарға сараптама жасалды.

Жұмыс тобының отырысында, қазіргі таңдағы студент жастардың дене тәрбиесі мен студенттік спорттың даму мәселелері жан-жақты талқыланды. Нәтижесінде студенттік спортты дамытудың кешенді жоспарының құрылымы мен жұмыстың негізгі бағыттары анықталып, қойылған мәселелерді құқықтық-нормативтік актілер негізінде шешудің жолдары айқындалды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -