Студенттерді ынталандыру: техникалық реттеудің перспективалық мамандықтары

7579
Фотосурет: Gov

Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаев Қазақстанның 23 жоғары оқу орнының басшыларымен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Іс-шараға ҰАО бас директорының орынбасары Ержан Қарасаев қатысып, спикер ретінде сөз сөйледі.

Будущее начинается сегодня

ТРМК Техникалық реттеу саласы үшін кадрларды даярлау мәселелеріне ұдайы назар аударады. Қ. Елікбаев Қазақстанның өңірлеріне тұрақты жұмыс сапарлары барысында міндетті пункт ретінде өңірлік жоғары оқу орындарына барып, профессор-оқытушылар құрамын проблемалық мәселелер туралы хабардар етіп және келешегі мол мамандықтардың студенттерін ынталандырады.

Будущее начинается сегодня

Е. Қарасев өз сөзінде Техникалық реттеу саласында, атап айтқанда аккредиттеуде талап етілетін мамандардың саны аз емес, бұл жаңа білікті кадрларды тұрақты негізде даярлау қажеттігін білдіреді

"Бүгінгі таңда ҰАО мен Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Сейфулин атындағы Қазақ агротехникалық университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалды». Қазіргі уақытта осы жоғары оқу орындарының студенттері біздің ұйымның қабырғасында тәжірибеден өтіп жатыр, бұл теориялық білімді практикада қолдануға ықпал етеді" Ержан Қарасаев

Меморандумдар шеңберінде өз міндеттемелерін орындау мақсатында ҰАО Стандарттау, сертификаттау және метрологияға мамандығы бойынша ЕҰУ және ҚАУ 2 және 3 курстарының 10-ы студенті үшін жазғы практиканы ұйымдастырды.

Сонымен қатар, Е. Қарасаев еліміздің жоғары оқу орындарында «Стандарттау, сертификаттау және метрология» мамандығы бойынша білім беру бағдарламаларының сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар енгізді. Атап айтқанда, ол білім берудің тәжірибеге бағдарлануына ерекше назар аударуды және мамандандырылған білімді игерумен қатар, студенттерді химия, микробиология, өндіріс технологиялары сияқты бағыттар бойынша базалық білім алуға ынталандыруды ұсынды, өйткені осындай білім қоры бар мамандар Қазақстанның сертификаттау жөніндегі зертханалары мен органдарында өте сұранысқа ие. 

Будущее начинается сегодня

Сонымен қатар, спикер ҰАО-ның білім беру секторымен ынтымақтастыққа тұрақты дайындығын еске салды.

«ҰАО есіктері әрдайым өзекті мәселелерді талқылауға ашық, біз оқу бағдарламаларын әзірлеуге қатысу үшін ҰАО ресурстарын ұсынуға және тәжірибемен бөлісуге дайынбыз» Ержан Қарасаев

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -