Кәсіпкерлерді «көлеңкеден» шығаруға ынталандыру үшін биылдан бастап жаңа форматта бөлшек салық салу енгізілді

6930
Фотосурет: iStock

ОКҚ алаңында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалардың кірістерін салықтық әкімшілендіру тақырыбында өткен брифингте Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Данияр Жанәлінов қазіргі салық режимдері туралы баяндады, деп хабарлайды DKNews.kz.

2023 жылдан бастап шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимдерінің қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлердің кірістерін салықтарды төлеуден босату кезеңі аяқталды. Осы үш жыл ішінде дара кәсіпкерлер саны 1,6 млн адамға дейін өсті. Бұл ретте жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлердің үлесі әлі де төмен деңгейде қалып отыр, дейді спикер. 2022 жылы бір дара кәсіпкердің орташа кіріс сомасы 9,2 млн теңгеге жеткен.

«Жалдамалы қызметкерлердің көрінбеуі үлкен проблема күйінде қалуда. Бұл болашақта зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді ала алмау, медициналық қызмет алудағы шектеулер түріндегі әлеуметтік салдарға әкеп соғады. Бүгінгі таңда 1,2 млн дара кәсіпкерде жалдамалы жұмысшылар жоқ. Ал 89 мың дара кәсіпкерде бір ғана жалдамалы жұмысшы бар. Кәсіпкерлердің тек 9,5%-ында 5-тен астам қызметкер бар» Данияр Жанәлінов

Кәсіпкерлердің қызметкерлерді «көлеңкеден» шығаруға ынталандыру мақсатында 2020 жылдан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еңбекақы төлеу қорының 20%-ы мөлшерінде жалақыдан бірыңғай төлем енгізілді. Бұл еңбекақы төлеу қорының жүктемесін едәуір төмендетіп, төлемді жеңілдетті. Бірыңғай төлем бір төлеммен енгізілгенде, оны одан әрі бөлу «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына жүктелді.

«Бүгінгі таңда 491 кәсіпкер бірыңғай төлем төлеуде. Оның ішінде бұрын жалдамалы жұмыскерлерін көрсетпегендер – 35 қана, яғни жалдамалы жұмысшыларды көрсету біртіндеп ашылып келеді»  Данияр Жанәлінов

Тағы бір проблема – кәсіпкерлердің кірістерін толық көрсетпеуі не арнайы салық режимін сақтау және ҚҚС шегінен асып кетпеу үшін бизнесті бірнеше дара кәсіпкерлікке бөлуі. Кәсіпкерлерді «көлеңкеден» шығаруға ынталандыру үшін заңнамалық жағдайлар жасаудың үлкен қадамы 2023 жылдан бастап жаңа форматта бөлшек салықты енгізу болды, ол 190 қызмет түрін қамтиды. Оған сәйкес, шекті табыс мөлшері 600 мың АЕК немесе 2,7 млрд теңгені құрайды. Оның шегінің шеңберінде кәсіпкер ҚҚС төлеушісі болып табылмайды. Кәсіпкер 200-ге дейін жұмысшыны жалдауға және оларға бірыңғай төлемді қолдануға құқылы.

«Салық салу сервистік моделі шеңберінде қазір екі пилоттық жоба дайындалып жатыр. Біріншісі – платформалық жұмыспен қамту бойынша пилоттық жоба, ол қазірдің өзінде іске асырылып жатыр. Электрондық сауда бойынша жоба 1 шілдеден бастап жоспарлануда»  Данияр Жанәлінов

Сонымен қатар спикер Бірыңғай жиынтық төлем мерзімінің аяқталатынына тоқталды.

«БЖТ бастапқыда дара кәсіпкер ретінде тіркелмеген, өзін-өзі жұмыспен қамтымаған азаматтар үшін, егер олар тек жеке тұлғаларға қызмет көрсетсе және олардың кірісінің сомасы жылына 4 млн теңгеден аспаса, 5 жылға уақытша енгізілді. БЖТ енгізудің негізгі және жалғыз мақсаты – өзін-өзі жұмыспен қамтуға міндеттілерді әлеуметтік медициналық сақтандыру, әлеуметтік сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру жүйелеріне тарту. Сондықтан бұл төлемдері төмен жеңілдік кезең болды және ол аяқталуда»  Данияр Жанәлінов

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -