Жетісу облысында мореналық көлдер мен сел қаупі бар учаскелерге аэровизуалды тексеру жүргізілді

21384
Фотосурет: Жетісу облысы ТЖД

Табиғи сипаттағы қауіпті төтенше жағдайлардың алдын алу және мониторингілеу мақсатында, ағымдағы жылдың 17 тамызында ТЖД қызметкерлері мен Қазселденқорғау ММ мамандары мореналық көлдердің жай-күйіне аэровизуалды тексеру жүргізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Мақсаты – «Жетісу Алатау» тау жотасындағы мореналық көлдердің, Бүйен, Ақсу, кіші және үлкен Басқан, Сарқан және Лепсі өзендерінің арналары бассейндерінің жай-күйін бағалау.

Жалпы, облыс бойынша 58 сел қаупі бар учаске және 416 мореналық көл бар.

Зерттеу нәтижелері бойынша мореналық көлдердің мұз бен қардан ашық екендігі, биік таулардағы қысқы қар ерігені, мұздықтардың еруі, мореналық көлдерге салалар максималды мәннен төмен екендігі анықталды. Көлдердегі су деңгейі қалыпты шектерде, өзен арналары бос, кептелістер жоқ, қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстар анықталған жоқ, зерттелген маршрут бойынша жағдай тұрақты.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -