Тоғызқұмалақ: Алматы оқушылары Гиннестің рекордтар кітабына енді

16687
Фотосурет: Алматы қаласының әкімдігі

Алматылық оқушылар Гиннестің рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды DKNews.kz.

9 қыркүйек «Тоғызқұмалақ күніне» орай 2000 астам алматылық жоғары сынып оқушылары бір мезетте тоғызқұмалақ ойнап, Қазақстанның Гиннес рекордтар кітабына енді. Мұны Қазақстан Гиннес рекордтар кітабының өкілі Қарлығаш Жаппар тіркеді. Ол рекордты бекіту туралы арнайы сертификат берді. 

Іс-шараны Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Алматы қаласының тоғызқұмалақ зияткерлік қауымдастығы ұйымдастырды. Бүгін Алматы қаласы тоғызқұмалақ зияткерлік ойынының ордасы болып таңдалды. Бұл туралы Дүниежүзілік және Республикалық тоғызқұмалақ федерациясының президенті Әлихан Бәйменов хабарлады. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ALMATY ÁKIMDIGI (@akimat_almaty)

2020 жылы тоғызқұмалақ ЮНЕСКО шешімімен адамзаттың мәдени мұра тізіміне енгізілді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -