Ұландықтар тыл ардагерлеріне құрмет көрсетті

3520
Фотосурет: Ұлттық ұлан

Қазақстанда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шаралар аясында 6636 әскери бөлімнің сарбаздары мен командирі тағылымды іс жасады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Әскери бөлімнің командирі полковник Ерлан Буранбаевтың жетекшілігімен бөлім сарбаздары Астана қаласының тыл ардагерлері Мустаева Раиса Фаоиховна мен Войтович Любовь Игнатьевнаға арнайы барып, Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады.

Іс-шара барысында сарбаздар ардагерлерге ән айтып, салтанатты саптық жүріспен құрмет көрсетті. Жеңісті жақындатқан және еліміздің дамуына өз үлесін қосқан асыл жандарға алғыс білдірді.

"Ұлы Жеңіс – біздің халқымыздың батырлығы мен ерлігінің символы. Ардагерлеріміздің қажырлы еңбегінің арқасында біз бүгінгі бейбіт өмірді көріп отырмыз. Сондықтан оларды ұлықтап, құрмет көрсету біздің басты міндетіміз” Ерлан Буранбаев 

Бұл іс-шараның басты мақсаты да – ардагерлерге деген құрмет пен олардың Жеңіске қосқан үлестерін халыққа жеткізу.

Тыл ардагерлері Раиса Мустаева мен Любовь Войтович жауынгерлерге шынайы алғыстарын білдіріп, жас сарбаздардың құттықтауын жоғары бағалады.

"Біз үшін бұл Ұлы Жеңіс тек соғыс жылдарындағы ерлікпен емес, бейбітшіліктің құндылығын ұғыну арқылы да ерекше. Бүгінгі жастардың бізге көрсетіп жатқан құрметі жүрегімізді елжіретеді, олар өз елі үшін әрдайым адал қызмет ететін болады деп сенемін»" Раиса Мустаева

Ал Любовь Войтович болса: «Сарбаздардың саптық жүрісі мен әні бізді сол кездерге, ерлікке толы күндерге алып барды. Жеңістің маңыздылығын түсінген жастардың арасында болашақта ұрпақтар сабақтастығы жалғасады деген сенімдемін», - деп атап өтті.

Бұл шара тек қана ардагерлерді құттықтап қоймай, жас ұрпаққа Ұлы Жеңістің маңызын, ел тарихындағы әрбір адамның рөлін тереңірек ұғынуға мүмкіндік берді. Ардагерлердің естеліктері мен сөздері сарбаздар үшін болашақта да маңызды бағдаршам болары сөзсіз. Ұлы Жеңіс күні қарсаңында ұйымдастырылған бұл іс-шара бізге тек өткеннің құндылықтарын ғана емес, сондай-ақ, болашаққа деген жауапкершілікті де есімізге салады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -