Астананың ұсталған құрылыс салушылары: олар кім және үлескерлерді қалай алдады?

6160
Фотосурет: Canva

Ағымдағы жылдың қыркүйек айының басында қала прокуратурасының нұсқауы бойынша Полиция департаментінің өндірісіне "R-Club" және "R-Club Deluxe" ТҮК үлескерлерінің ұжымдық арызы негізінде алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс берілді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Үлескерлердің 4 млрд. теңгеден астам ақшалай қаражаты тартылған, алайда іс жүзінде құрылысқа 900 млн.теңге жұмсалғаны анықталды. Құрылыс салушымен 2022 жылдың 4-ші тоқсанында жоспарланған аяқталуға тиіс құрылыс бітпеген.

Құрылыс компанияларының басшылары ұсталып, оларға «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Жедел-тергеу тобы құрылды.

Қазіргі уақытта қылмыстың қалған қатысушылары мен олардың активтері анықталуда.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -