Бұзылған құқықтарды қалпына келтіру: Ақмола облысының тұрғыны әділдікке қол жеткізді

3828
Фотосурет: pixabay.com

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Шортанды ауданы Бозайғыр ауылы тұрғынының бұзылған құқықтарын қалпына келтірді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес құрылыс салушы белгіленген құрылыс және басқа да міндетті нормалар мен ережелерді бұзбайтын және жергілікті атқарушы органның сәулет-қала құрылысы қызметімен келісілген кез келген жоба бойынша тұрғын үй салуға құқылы.
Мәселен, азамат Д. Бозайғыр ауылындағы жер учаскесінде тұрғын үй салу үшін Шортанды ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімінде сәулет-жоспарлау тапсырмасын алды.

Заңнама талаптары бойынша сәулет-жоспарлау тапсырмасының негізінде өтініш беруші эскиздік жобасын дайындап, оны жергілікті атқарушы органмен келісілуі тиіс.

Алайда, сәулет-жоспарлау тапсырмасын алу мен эскизді келісуге өтініш тапсыру уақыты аралығында жергілікті сәулет органы Шортанды ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі болып қайта құрылды, осыған байланысты көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық жүйелерде бұрын берілген рұқсатты көрмегендіктен мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартқан.

Осындай формальды себептер бойынша тұрғын үй салу мүмкіндігінен айырылған көрсетілетін қызметті алушы Департаментке өзіне шектеу қойған шешімге шағым келтірді.

Шағымды қарау барысында көрсетілетін қызметті берушінің қайта құрылуына қарамастан, рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінде өтініш берушінің бұрынғы сәулет-жоспарлау тапсырмасы туралы мәліметтері бар екендігі анықталды, сол себепті Департамент мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуды негізсіз деп таныды.

Соның нәтижесінде, көрсетілетін қызметті алушының эскиздік жобасы келісіліп, ол өз аумағында тұрғын үй салу мүмкіндігіне ие болды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -