Ұялы телефоныңызда тексеру: диагностикалық карта қазір eGov mobile-да

6600
Фотосурет: © kolesa.kz

Автокөлік құралдарын техникалық байқаудан өткізу нәтижесінде берілетін диагностикалық картаны цифрлық құжат форматына көшіру бойынша жұмыс өз мәресіне жетті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Аталған жұмыстарды ҚР Көлік министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлесе отырып жүргізген болатын.

Енді автокөліктің техникалық қарап-тексеруден өткенін растайтын құжатты eGov mobile мобильді қосымшасының көмегімен электрондық түрде көруге әрі жүктеп алуға болады.

Техникалық байқаудың диагностикалық картасын цифрландыру автокөлік иелеріне төмендегідей мүмкіндіктер береді:

- дербес деректерге неғұрлым қарапайым әрі ыңғайлы әдіспен қол жеткізу;

- құжаттың түпнұсқасын ұсынбай-ақ мемлекеттік және өзге де қызметтерді пайдалану;

- QR-кодты қолдана отырып, үшінші тұлғаларды аталған құжатқа деген қолжетімділікпен қамтамасыз ету;

- диагностикалық картаның электрондық нұсқасын мессенджер немесе электрондық пошта арқылы жіберу.

Сонымен қатар бұл жаңашылдық мемлекеттік органдардың да жұмысына оң әсер етеді деп күтілуде. Атап айтқанда:

- техникалық байқаудан өту мерзімдеріне қатысты келетін хабарламаның тиімділігін арттыру;

- автокөліктердің техникалық қауіпсіздігі жөніндегі талаптардың сақталуын бақылауды күшейту;

- жол қозғалысы кезіндегі қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету.

Айта кетелерлігі, қолданыстағы Заңнама талаптарына сәйкес электрондық құжаттың қағаз түріндегі баламасы сияқты заңды күші бар.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -