Қазақстан ауыл жастарына өзінің бизнес-әлеуетін іске асыруға көмектеседі

6886

Қазақстанда ауыл жастарын қолдау мәселелері жөніндегі жедел желі жұмыс істейді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бүгінгі таңда жедел желі мамандары мемлекеттік бағдарламалар арқылы жұмысқа тұру, тұрғын үй алу, жеңілдігі бар несие алу мәселелері бойынша 60-тан астам кеңес берді деп, хабарлайды Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының баспасөз қызметі.

«Қазақстанның экологиялық қоры» қоғамдық қоры ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған мемлекеттік және жеке қолдау шаралары туралы ауылдық аумақтардағы жастардың хабардарлығын арттыру» жобасын іске асырып жатыр. Жоба аясында қазақстандық ауылдарда жастарға кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі мемлекеттік және жеке қолдау шаралары түсіндірілетін бұрыштар ұйымдастырылды. Сондай-ақ, қоғам белсенділері кейбір облыстарға қарасты ауылдық жерлерде NEET санатындағы ауыл жастарына арналған көшпелі дәрістер мен семинарларды өткізеді. Жастарға еңбек нарығындағы трендтер мен перспективалы кәсіптер туралы ақпарат беріледі.

«Жоба аясында біз NEET жастарының үлесі жоғары өңірлердегі ауылдарда тұратын жастарға арнап қысқа мерзімді курстарды ұйымдастырамыз. Мұнда 35 жасқа дейінгі жастар біз жұмыс іздеу, бизнес жүргізу дағдыларын, сондай-ақ цифрлық дағдыларды тегін меңгереді. Курс тыңдаушыларына SMM, таргет, маркетинг, интернет-коммерция, кәсіпкерлік, бизнес-жоспар әзірлеу негіздері, түрлі мемлекеттік бағдарламалар туралы айтып береміз. Бүгінге дейін біздің курстардан Маңғыстау облысының Қарақия ауданына қарасты ауылдардың жастары өтті. 200-ден астам адам оқумен қамтылды. Жақын арада оқыту шараларын Түркістан облысының Шардара ауданы мен Шымкент қаласында өткізуді жоспарлап отырмыз» Жоба жетекшісі Айгүл Абдуалиева

Сонымен қатар, «Қазақстанның экологиялық қоры» ҚҚ жобаны іске асыру аясында жедел желі жұмысын ұйымдастырды. +7 771 072 47 90 нөміріне қоңырау шалу арқылы ауылдық жерлерде тұратын жастар қысқа мерзімді курстарға жазыла алады, жеңілдігі бар несие алу бойынша мемлекеттік қолдау шаралары, ипотекалық бағдарламалар, жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған бағдарламалар туралы тегін кеңес ала алады.

«Жедел желінің көмегімен жыл соңына дейін ауылдық жерлерде тұратын жастарға 100-ден астам кеңес беруді жоспарлап отырмыз. Бүгінге дейін біз 65 адамға тиісті консультация бердік. Жастарды негізінен «Бастау бизнес» гранттарын, жылдық 2,5% жеңілдігі бар шағын несие алу мәселесі қызықтырады» Айгүл Абдуалиева

Айта кетейік, «Кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған мемлекеттік және жеке қолдау шаралары туралы ауылдық аумақтардағы жастардың хабардарлығын арттыру» жобасы 2024 жылдың соңында аяқталады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -