Астана қаласында Білім басқармасы мен «Қара шаңырақ» ҚБ ұжымы бірлесіп «Ұлағатты ұрпақ» жобасы аясында N29 мектепте кезекті кездесу өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Іс-шара «Өнеге болар сөз, үлгі болар із қалдыр» тақырыбында өрбіді, деп хабарлайды DKNews.kz.
Кездесудің мақсаты – өскелең ұрпақ бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, отансүйгіштік, адалдық, әділдік, адамгершілік, мейірімділік, қайырымдылық секілді ұлтымыздың ұлы қасиеттерін дарыту, сол сияқты өскелең ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, ұлт тарихына, ата жұртына, ата тегіне, ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттырып, Отанын шексіз сүйетін және қазақ болғанын мақтаныш ететін азат ойлы, тәуелсіз ұрпақ тәрбиелеу.
Бүгінгі күні Астана қаласының мектептерінде қыркүйек айынан бастап «Отбасы құндылықтары» тақырыптары кеңінен қозғалып, білім беру ұйымдарында «Қыздар», «Аналар» клубтары ашылып жатыр.