Қазақстанда әкімшілік Әділет саласын кезең кезеңімен кеңейту жоспарлануда

18205
Фотосурет: Т.Таныбаев / Мәжілістің Баспасөз қызметі

Мәжiлiс әкiмшiлiк әділет саласын жетiлдiру және қолдану аясын кеңейту жөнiндегi түзетулер бойынша жұмысты бастады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Заң жобасы бүгін Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінде депутаттарға таныстырылды. Жиынға мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің қабылданғанына екі жыл болды. Осы уақыт ішінде ол Қазақстанның құқықтық жүйесіне жақсы жүзеге асырылып келеді. Кодекс нормаларын және жеке әкімшілік рәсімдерді одан әрі жетілдіру қажеттілігіне байланысты Әділет министрлігітүзетулер пакетін әзірледі Комитет төрайымы Снежанна Имашева

Заң жобасы бойынша баяндама жасаған Әділет вице-министрі Алма Мұқанова Мемлекет басшысы өткен жылғы Жолдауында әкімшілік әділеттілік аясын кеңейту жөнінде тапсырма бергенін еске салды. Осыған байланысты Әділет министрлігі үш негізгі бағытты қамтитын тиісті түзетулер әзірлеген. Біріншісі – жария-құқықтық даулардың жекелеген санаттарын азаматтық іс жүргізу кодексінен Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне көшіру.

Жария-құқықтық дауларды азаматтық сот ісін жүргізуден әкімшілік іс жүргізуге кезең-кезеңімен ауыстырудың орындылығын атап өту маңызды. Бұл тезис қазіргі уақытта әкімшілік сот ісін жүргізудің сот практикасын қалыптастыру процесі жүріп жатқандығымен байланысты. Осы мәселені пысықтау шеңберінде Әділет министрлігі АПК істерінің екі санатын анықтады: азаматтық хал актілері жазбалары туралы істерді аудару, нормативтік құқықтық актінің заңдылығына дау айту туралы істер бойынша іс жүргізуді ауыстыру Алма Мұқанова

Екінші бағыт Үкіметке мемлекеттік органдар мен мемлекеттік ұйымдар арасындағы дауларды шешу өкілеттіктерін беруге қатысты. Бұл жерде дауды шешудің мәні заңнамалық актілерді түсіндіру емес, «құқық туралы дауды» шешу болуы керек. Осыған орай, Әділет министрлігі мемлекеттік органдар, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік ұйымдар арасындағы даулар Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс ережелері (дауларды сотқа дейін реттеу) және ҚР Үкіметі регламентінің ережелері бойынша қаралатын тәсілді әзірледі.

Үшінші бағыт аясында әкімшілік органдардың шешімдері мен әрекеттеріне әкімшілік шағымдарды қарау тәртібі жетілдірілуде.

Түзетулер әкімшілік органдар мен лауазымды тұлғалардың әкімшілік актілердің мазмұнында шағымдану тәртібі мен мерзімдері туралы ақпаратты көрсету туралы заңмен бекітілген міндеттілігін жеке тұлғаларды құқықтық қорғаудың тиімді алгоритмін қамтамасыз етеді. Дауларды реттеудің сотқа дейінгі тәртібінің болмауына байланысты қайтарылған талап-арыздар саны қысқартылмақ. Мемлекеттік органдардың жауапкершілігі артады, өйткені олардың әрқайсысында шағымдарды қарау тәртібінің нақты иерархиясы айқындалатын болады Алма Мұқанова

Заң жобасында әкімшілік рәсімдер тәртібін жетілдіруге және «құқықтық вакуумдарды» нивелирлеуге бағытталған басқа да түзетулер көзделеді.

Жиынға қатысушылар баяндамадан соң ұсынылған заң жобасын талқылады. Мәжіліс депутаттары Магеррам Магеррамов, Жигули Дайрабаев, Николай Арсютин, Қазыбек Әлішев, Бақытжан Базарбек және т.б. баяндамашыға заң жобасына қатысты сұрақтарын қойды. Заң жобасы бойынша жұмыс тобына Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Марат Бәшімов жетекшілік етеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -