Жеңіс мұрасы: ТЖМ соғыс батырларының ерлігін қалай есте сақтайды

1265
Фотосурет: Gov

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі еліміздің өңірлерінде тарихи естеліктерді сақтауға және ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға бағытталған бірқатар естелік және патриоттық іс-шаралар ұйымдастырды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Соғыстан кейін көптеген майдангерлер мен тыл еңбеккерлері Отанға қызмет етуді әртүрлі салаларда, соның ішінде азаматтық қорғау жүйесінде жалғастырды. Бүгінгі күнде азаматтық қорғау органдарына өмірін арнаған 1 ардагер мен 20-ға жуық тыл еңбеккері бар. Олардың тәжірибесі, еңбекқорлығы және жоғары парыз сезімі арқасында құтқарушылардың жаңа буындарын даярлау үшін берік негіз қаланды. Осындай батырлардың бірі-Ұлы Отан соғысының ардагері Долидудо Егор Степанович, ол өз өмірін ішкі істер органдарында және әскерилендірілген өрт сөндіру бөлімінде қызмет етуге арнады. Ол майор шеніне дейін көтерілді.

Жеңіс күні қарсаңында құтқарушылар жыл сайынғы дәстүр бойынша 97 жастағы ардагерді үйінің жанында құттықтады. Алғыс пен құрмет белгісі ретінде Алматы гарнизонының оркестрі ардагер үйінің алдында аңызға айналған әскери әуендерді орындап, мереке мен терең құрмет атмосферасын қалыптастырды. Құттықтаудан, естелік сыйлықтардан басқа оған ТЖМ құтқарушысының заманауи нысанды киім-кешек жинағы табыс етілді.

Егор Долидуда 1944 жылы Кеңес Армиясының қатарына шақырылды. Ол Қиыр Шығыстағы 184-ші дивизияның 297-ші атқыштар полкінде қызмет етті, онда 1945 жылы тамызда Маньчжурия шекарасында жапон әскерлеріне қарсы шайқастарға қатысты.

Еліміздің барлық өңірлерінде құтқарушылар мемориалдарға гүл шоқтарын қойып, қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, ардагерлермен кездесулер өткізді. Соғысқа қатысушылар мен тыл еңбеккерлерін атаулы қолдауға ерекше назар аударылды, ТЖМ қызметкерлері ардагерлерге Жеңіске қосқан үлестері үшін шын жүректен алғыс білдіріп, жеке кездесті.

Білім беру мекемелерінде ерлік сабақтары, тақырыптық көрмелер, викториналар өтті. Сонымен қатар ТЖМ қызметкерлері ескерткіш орындарды абаттандыруға және еріктілер бастамаларына қатысты.

Бұл іс-шаралар ұрпақтардың рухани байланысының маңыздылығын атап өтіп, құрметке, ризашылық пен мақтанышқа толы істер арқылы батырлардың өткенін еске алуға деген құтқарушылардың ұмтылысын көрсетеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -