Қазақстандық дәрілік өсімдіктер нарығы үшін жаңа көкжиектер

14795
Фотосурет: cooks.kz және ҚР БГМ

Торайғыров университетінің ғалымдары Баянауыл ауданының алқаптарында дәрілік өсімдіктерді өсіруді ұсынды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Виктор Камкин мен Тоқтар Бексейітов зерттеу жұмыстарымен 2011 жылдан бері айналысып келеді. Зерттеу нәтижесінде біздің аймақта дәрілік өсімдіктердің 194 түрі өсетіні анықталды. Олардың 100-і Баянауыл ауданында өседі. Оларды фитошай жасауға қолдануға болады.

«Қазіргі таңда әлемде экологиялық таза өнімдер сұранысқа ие, олардың ішінде фитошайлар да бар. Көптеген елдерде фитошайлардың негізгінде ұлттық брендтер қалыптасты. Олардың көбі экспорттық потенциалға ие («Эвалар», «Алтайский кедр», «Сибирское здоровье», «Биолит», «Хорст» және т.б). Қазақстанда тек «Зерде» өндірушісі бар. Коронавирус пандемиясы иммунитет көтеретін дәрілік препараттардың сұранысын арттырды» Виктор Камкин

Баянауыл ауданының биоалуандылығы дәрілік шаруашылықты дамытуға сеп. Бар қиындық тәжірибенің жоқтығында.

Ғалымдардың айтуынша, қазақстандық нарықты отандық шикізатпен қамтамасыз етуге мүмкіндік жеткілікті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -