Президент “Бала Қажы” мешітінің Бас имамы Махмуд Қажы НұрҰлы «Бірлік» алтын медалімен марапатталды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Республика күні ұлттық мереке қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Махмуд Қажы Нұрұлы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалімен наградталды.
МахмудҚажы Нұрұлы – Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Қарағанды қаласының “Бала Қажы” мешітінің Бас имамы. Ол елдің діни сауатын ашуға, жастарды имандылыққа тәрбиелеуге, достықты дәріптеуге өлшеусіз үлес қосып келеді. Мемлекеттік марапат оған халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін берілді.