Оқу жылына дайындық: әскери қызметшілер үшін маңызды қауіпсіздік шаралары

9218
Фотосурет: Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Шымкент гарнизоны механикаландырылған құрамасының жеке құрамымен жаңа оқу жылы алдында қауіпсіздік шаралары бойынша практикалық сабақтар өткізілді.

Жаңа оқу жылының алдында ұйымдастырылған дәрістердің негізгі мақсаты жеке құрамның өмірі мен денсаулығын сақтау, әскери қызметтің қауіпсіздігін қалыптастыру болып табылады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кешенді сабақтарға жеке құрамның 100% қатысты. Оқу орындары жауынгерлік техника паркінде, казармада, спорттық және қарауыл қалашығында және тактикалық алаңда ұйымдастырылды.

Сабақ барысында ерекше назар әскери техника мен қару-жарақпен жұмыс барысында қауіпсіздік талаптарын бұзу салдарын толық көлемде жасалған макеттер мен манекендерде көрсетуге аударылды. Әскери дәрігерлер маусымдық аурулардың алдын алудың қарапайым ережелерін еске түсірді.

Сабақ жетекшілері жеке құраммен теориялық және практикалық сабақтар өткізді. Әскери қызметшілерді жанар-жағармайлармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік шаралары, қаруды дұрыс қолдану, дене шынықтыру дайындығы, шаруашылық жұмыстарды орындау және өртке қарсы қауіпсіздікпен таныстырды, сондай-ақ техниканы пайдалану ерекшеліктері мен қызмет көрсету тәртібі түсіндірілді. Сонымен қатар, әскери дәрігерлер әр қатысушыға алғашқы медициналық көмек көрсетудің негізгі әдістерін көрсетті.

Өз сөзінде бригада командирі полковник Әмірқожа Айтқожин бұл сабақтарды ішкі және қарауыл қызметін атқару, сондай-ақ бөлімшелер мен әскери бөлім объектілерінің аумағында ішкі тәртіпті ұйымдастыру кезінде туындауы мүмкін негізгі проблемалық тақырыптарды көрнекі түрде көрсететін тәжірибелі нұсқаушылар жүргізетіні кездейсоқ емес екенін атап өтті.

"Қауіпсіздік сабақтары жеке құрам үшін өте маңызды. Әскери қызметші бөлімде немесе отбасында жұмыс істеген кезде кез келген қауіптің алдын алуға дайын болуы керек. Техника мен қару-жараққа қызмет көрсету жұмыстары барысында жеке құрамға қауіпсіздік шараларының талаптарына жауап беретін қажетті жағдайлар жасалады, әскери қызметшілерді барлық қажетті материалдық жағдайлармен қамтамасыз етеді" әскери бөлімнің командирі полковник Әмірқожа Айтқожин

ҚР Қарулы Күштерінде жоспар бойынша жаңа оқу жылының алдында әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында қауіпсіздік шаралары бойынша сабақтар өткізіледі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -