Сарыөзек гарнизонында орналасқан шабуылдаушы бригадасы қысқы жаңа оқу жылықарсаңында жеке құрамның дайындығы бойынша саптық байқауы өткізілді, деп хабарлайды DKNews.kz.
Саптық байқау барысында жеке құрамдардыңсыртқы түрі, нысанды киім-кешектің, жетондар мен қызметтік куәліктердің болуы, саптық жарғының негізгі ережелерін білуі, олардың жеке жабдықтарымен түрлі лауазымдағы жауынгерлерге жеке қару мен әскери техникаларды бекітілген қалта құжаттарына аса назар аударылды. Іс-шараға әскери бөлімнің барлық әскери қызметшілері толықтай тартылды.
Сонымен қатар, бөлімнің саптық алаңында батальондар мен роталардың жаңа оқу жылының құжаттамалары және оқу-материалдық базаларының әзірлігі тексерілді. Жауынгерлік дайындық сабақтарын өткізуде сапалы оқу материалдық базасы үлкен рөл атқарады.
Тексеріс барысында осындай оқу-материалдық базаның болуына ғана емес, сонымен қатар жауынгерлік дайындық бағдарламасына сәйкес сабақтарды өткізуге шақыратын оның сапалы мазмұнына да үлкен назар салды.
- Әскери бөлімнің жеке құрамдары жаңа оқу жылына толықтай дайын. Барлық әскери техникалар мен қару-жарақтар қысқы пайдалану жағдайына келтірілді, сондай-ақ әскери полигондар қауіпті жарылғыш заттардан тазартылып, кез-келген оқу-жаттығуларды өткізуге дайын, - деді бригада командирінің жауынгерлік дайындық жөніндегі орынбасары подполковник Ануар Рыспаев.
Осындай тұрақты саптық байқаулар саптық мәдениетті арттыруға және бүкіл жеке құрамды үйренуге ықпал етеді, сондай-ақ ұйымшылдық пен тәртіпті нығайтуға көмектеседі.