Қазақстан және ОПЕК+: тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін энергетика саласындағы ынтымақтастық

4873
Фотосурет: ҚР ЭМ

JMMC бірлескен министрлік мониторинг комитетінің 51-ші отырысы және бейнеконференция форматында ОПЕК+ 36-шы министрлік кездесуі өтті, деп хабарлайды DKNews.kz. 

Отырыста Қазақстан атынан ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев қатысты.



Отырыста 2023 жылғы қыркүйек-қазан айларында елдердің келісім бойынша міндеттемелерді орындауы және мұнай нарығындағы ағымдағы ахуал талқыланды.

Қазақстан 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 2024 жылғы наурыз айының соңына дейін ОПЕК+ қатысушы елдермен бірлесіп тәулігіне 82 мың баррельге қосымша ерікті қысқартуды қабылдады.

Осылайша, Қазақстанда өндіру 2024 жылдың наурыз айының соңына дейін тәулігіне 1 468 мың баррельді құрайды.

Кейіннен нарықтың тұрақтылығын сақтау мақсатында бұл қосымша қысқартылған көлемдер нарықтық жағдайларға байланысты біртіндеп қалпына келтірілетін болады.

Бұл ерікті қысқартуды Қазақстан бұрын 2023 жылғы сәуірде қабылдаған, 2024 жылғы желтоқсанның соңына дейін созылатын тәулігіне 78 мың баррельге ерікті қысқартуға қосымша болып табылады.

Бұл қосымша ерікті қысқарту мұнай нарығының тұрақтылығы мен тепе-теңдігін сақтау мақсатында ОПЕК+ елдерінің сақтық шараларын күшейтуге бағытталған.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -