Сарапшылар ҚР ТЖМ азаматтарының өтініштерімен жұмысты жетілдіру әдістерін талқылады

4983
Фотосурет: ҚР ТЖМ Заң департаменті

2023 жылғы 30 қарашада Төтенше жағдайлар министрлігінде Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс шеңберінде азаматтардың өтініштерін қарау бойынша жұмысты жетілдіру мәселесі жөнінде семинар-кеңес өтті, деп хабарлайды DKNews.kz. 

Кеңеске Сот әкімшілігінің өкілдері С.М. Шамшинурова, Әділет министрлігінен Е.Е. Алауханов, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы А.Е. Абдуллина және Б. К. Жақыпов және министрліктің жеке құрамы қатысты.

Кездесу барысында Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті қолдану мәселелері және оны қолдану тәжірибесін жақсарту бойынша ұсыныстар талқыланып, ұсынымдар пысықталды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -