Кәсіпқойлықты арттыру: орталық спорт клубындағы жиын қорытындысы

6325
Фотосурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Орталық спорт клубында ҚР Қарулы күштері дене шынықтыру және спорт бастықтарының оқу-әдістемелік жиыны өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жиын барысында биылғы оқу жылы қорытындыланып, келесі оқу кезеңіне жаңа міндеттер қойылды.

Әскери қызметшілерге арналған сабақтар әртүрлі спорт түрлерінен чемпионаттар мен жарыстардың төрешілерін ұйымдастыруға арналды. Жиынға қатысушылар Орталық спорт клубының алдағы қызмет тұжырымдамасының негізгі ережелерімен де танысты.

– Бұл шара дене шынықтыру және спорт бастықтарының кәсіби деңгейін арттыруға бағытталған. Жиын барысында қатысушылардың тәжірибе алмасуға, сабақтарды ұйымдастырудың жаңа тәсілдерін зерделеуге мүмкіндіктері болды, – деді оқу жиынының міндеттерін атап өткен Спорт комитетінің төрағасы – Орталық спорт клубының бастығы полковник Арман Әбеуов.

Жиын соңында дене шынықтыру және спорт бастықтары шағын футболдан өткен жолдастық матчқа қатысты.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -