Еурохаттама: Қазақстанда сақтандыру төлемдерін ресімдеудің жаңа тәсілі

11407
Фотосурет: Kolesa.kz

Агенттік 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап міндетті автосақтандыру бойынша сақтандыру төлеміне өтініш ресімдеудің жеңілдетілген тәртібін енгізу жұмысын жүргізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Сақтандыру жағдайларын Еурохаттама шеңберінде реттеу үшін жол-көлік оқиғасы мынадай арнайы талаптарға сәйкес келуге тиіс:

  • жол-көлік оқиғасына 2 адам қатысқан, олардың қолданыстағы сақтандыру полистері бар;
  • шығын сомасы 100 АЕК-ке дейін;
  • жол-көлік оқиғасына қатысушыларда кімнің кінәлі, кімнің зардап шегуші болып табылуына байланысты келіспеушілік жоқ;
  • үшінші тұлғалардың денсаулығы мен мүлкіне зиян келтірілмеген.

Пайдаланушыларға қолайлы болу үшін «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ «Еурохаттама» арнайы мобильдік қосымшасын әзірледі, оны App Store-дан және Google Play-ден жүктеп алуға болады.

Қосымшада сақтандыру ұйымына онлайн түрде өтінім беруге, биометриялық идентификаттаудан өтуге, цифрлық құжаттарды, суретті қоса беруге болады. Сақтандыру ұйымы төлемдерді осы өтініш негізінде төлейді.

Сақтандыру төлемін алуға өтініш сақтандыру компаниясына авария болған жерде мобильдік қосымша арқылы жіберіледі, жол полициясының қызметкерлері шақырылмайды және сотқа жүгінудің қажеті жоқ. Еурохаттама сақтандыру төлемдерін төлеу мерзімдерін бірнеше айдан бірнеше жұмыс күніне дейін айтарлықтай қысқартуға, сондай-ақ жолдағы трафикті азайтуға мүмкіндік береді.

Бүгінгі күні азаматтар мобильдік қосымшаны Еурохаттама шеңберінде сақтандыру төлемдерін алу үшін пайдалануда. 

«Еурохаттама» қосымшасы бойынша сұрақтар туындаған жағдайда не өзіңіздің сақтандыру компанияңызға, не «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ-тың бірыңғай call center-іне +7 (727) 339 31 88 нөмірі бойынша хабарласуға болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -