АӨСШК қызметінің негізінде қандай мақсаттар мен принциптер жатыр

392
Фотосурет: Сенаттың Баспасөз қызметі

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес Хатшылығының басшылығымен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

АӨСШК – Азиядағы ынтымақтастықты нығайту жөніндегі, бейбітшілікті, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған халықаралық форум. Сенаторлар ұйымның тең егемендік, мүше мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау және экономикалық, әлеуметтік және мәдени ынтымақтастық қағидаттарына негізделген саясаты туралы хабардар етілді. Ондағы басты мақсат – ынтымақтастық көпжақты тәсілдер арқылы кеңейтіліп жатқаны және барлық шешімдер консенсус негізінде қабылданатыны атап өтілді.

АӨСШК Бас хатшысы Қайрат Сарыбай Хатшылықтың қызметі туралы айтып берді. Ол БҰҰ жанындағы байқаушы мәртебесі бар және оның жүйесіне кіретін басқа халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық орнатылғанын хабарлады. Сонымен қатар ТүркПА, Араб мемлекеттерінің лигасы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы және т.б. сияқты аймақтық құрылымдармен тұрақты қатынастар орнатылды.

Шараға Парламент Мәжілісінің депутаттары мен Сыртқы істер министрлігінің басшылығы да қатысты.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -