Жолдардағы қиын жағдай: Көлік вице-министрі қазақстандықтарға жүгінді

5808
Фотосурет: DKNews

Ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар жолдарда енгізілген шектеулерге орай ҚР Көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев үндеу жариялады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Мәселен, 16 ақпан күні таңғы сағат 7-дегі жағдай бойынша еліміздің 16 өңіріндегі автожолдардың 100 учаскесінде шектеу шаралары енгізілген болатын.

«Ауа температурасының –35 °C дейін төмендеуіне байланысты 80 учаскеде дизельді автокөлік құралдарының қатып қалуын болдырмау үшін тиісті шектеулер енгізілді. Сонымен бірге қалған 20 учаскеде шектеу шараларын енгізудің басты себебі – көршілес өңірлердегі ауа-райы, боран және қар көшкіні қаупі болды. Қолайсыз ауа райына байланысты қазақстандықтарды арнайы қызметтерден келетін хабарламаларға назар аударып, мұқият болуға шақырамыз» Сәтжан Аблалиев 

Кешкі сағат 17:00-дегі жағдай бойынша республикалық жолдардағы 28 учаскеде шектеушаралары сақталған. Жолдардағы жұмысқа 700-ге жуық техника мен 1500-ден астам жолшытартылған. Сәтжан Аблалиевтің айтуынша, жолшы мамандары ауа райының қолайсыздығына қарамастан күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

«Синоптиктердің болжамы бойынша жақын күндері температураның –35, –40°C-ке дейін төмендеуі күтілуде. Республикалық маңызы бар жолдарда енгізілген шектеулер сақталатын болады» Сәтжан Аблалиев

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -