Қазақ даласына исламның келу тарихы туралы кітап таныстырылды

5478
Фотосурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Бүгін Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасында «MUFTIYAT» баспасының «Бабалар ізімен: Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» атты кітабы таныстырылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Іс-шара «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында өтті.

Үш бөлімнен тұратын туындыда ислам дінінің қазақ даласына келу тарихы, халықтың салт-дәстүрінде діннің алатын орны және сенім негіздері туралы баяндалған.

Кітаптың тұсаукесеріне ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, ҚР Парламенті депутаттары, қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -