Көктемнің алғашқы күні Қазақстан халқы Алғыс айту күнін атап өтеді, деп хабарлайды DKNews.kz.
Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күніне орай бекітілген мереке 2016 жылдан бері тойланып келеді. Алғыс айту күні елімізде тыныштық пен үндестік, өзара ауызбіршілік сақтап, барлық этнос өкілдерін бір-біріне құрмет көрсетуге үндейтін мереке.
Бұл күн – елімізде тұратын этностар арасындағы бірліктің, достықтың, келісімнің символы.
Күрделі заманды иық тіресе бірге еңсерген этностардың ортақ тарихы бірегей құндылықтарымызды қалыптастырды. Әрбір қазақстандық үшін Алғыс айту күні мәдени үйлесім мен патриотизм мерекесіне айналды.
Алғыс айту күні құтты болсын! Әр отбасына денсаулық, бақыт пен береке тілейміз!