Су тасқыны: Ұлттық ұлан сарбаздары ақтөбеліктерге көмектесіп жатыр

1267
Фотосурет: ҚР ҰҰ «Батыс» ӨңҚ баспасөз қызметі

2024 жылдың 26 наурызы күні Ақтөбеде ауа райы күрт жылынып, қыс бойы тоқтаусыз жауған қар ери бастады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Салдарынан қала көшелері мен қала маңындағы аудандарды су басу қаупі төнген. Қазіргі уақытта қауіп төнген аймақтарға құм салынған қапшықтар жеткізіліп, су сору жұмыстары ұйымдастырылуда.

Қауіптің бетін қайтаруға Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Ақтөбе қаласында орналасқан 6655 әскери бөлімінің сарбаздары да атсалысуда. Қазіргі сәтте 150-ге жуық әскери қызметші тасқынға қарсы жұмыстармен шұғылданып жатыр. Ұландықтар құм салынған қапшықтармен бөгет жасау жұмыстарын атқаруда.

- Ақтөбе қаласындағы су тасқыны салдарын жоюға құтқарушылармен бірге біз де көмектесіп жатырмыз. Тұрғындарды қорғау және табиғи апаттың алдын алу үшін күшейтілген жұмыс жүргізілуде. Біз құм толтырылған қаптармен тосқауыл жасау, су сору жұмыстарын ұйымдастыру, судан келетін зиянды азайту үшін бөгет құру және тұрғындарды мен олардың мүлкін эвакуациялау шаруаларын атқарып жатырмыз. Осылайша, қаладағы жағдайды тұрақтандыруға тырысамыз. Біздің мақсатымыз – осы қиын кезеңде Ақтөбе тұрғындарының қауіпсіздігі мен қорғалуын қамтамасыз ету, - деді 6655 әскери бөлімінің жедел мақсаттағы батальонының командирі майор Қанат Кемелбеков.

Айта кетейік, осындай іс-қимыл нәтижесінде Ақтөбе қаласындағы апаттық жағдай тұрақталып келеді.

Жергілікті тұрғындар құтқарушылар мен әскери қызметшілерге су тасқынына қарсы күрестегі күш-жігері үшін алғыс білдірді. Олар көмек пен қолдау көрсеткен ұландықтардың қызметін жоғары бағалайды және уақытылы әрі тиімді әрекеттері үшін ризашылықтарын байқатты.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -