Өзендердегі жай-күй: Батыс Қазақстан облысында су басу қаупі сақталуда

5302
Фотосурет: ortcom.kz

Су тасқыны кезеңі басталғаннан бері Батыс Қазақстан облысының аумағында 581 тұрғын үй мен олардың аула аумағы су астында қалды. Қосымша 161 уақытша орналастыру пункті дайындалды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Батыс Қазақстан облысының аумағындағы су тасқыны кезеңі бойынша мәліметтерді БҚО ТЖД бастығының м.а. Руслан Қасыбаев жайында ОКҚ брифингінде ұсынды.

581 тұрғын үй мен үй маңындағы алаңдары су астында қалды. Одан бөлек, 245 аула аумағы, 427 саяжай үйі  су астында қалды, автожолдардың 70 учаскесінде су тасқыны, жол төсемінің 60 шайылып кетті. 10 елді мекен көлік қатынасынсыз қалды. 6 896 адам эвакуацияланды, оның ішінде 3 580 бала бар. Уақытша орналастыру пункттерінде 1 333 адам, оның ішінде 536 бала бар.

«Бүгінгі таңда біз қосымша сыйымдылығы 8 600 адамнан асатын 161 уақытша орналастыру пунктін дайындадық» Руслан Қасыбаев

Жайық, Шаған және Деркөл өзендері деңгейінің көтерілуіне байланысты Орал қаласы бақылауда. Елек және Жайық өзендеріндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты Успеновка, Қарашығанақ, Димитрово, Жаңаталап елді мекендерін су басу қаупі сақталуда.

Ресей Федерациясының 5 шекаралас аймағының департаменті мен ТЖМ арасындағы өзара іс-қимыл аясында трансшекаралық өзендердің жағдайы бойынша жедел ақпарат алмасу жүргізілуде.

«Ресей тарапының ақпараты бойынша 2024 - жылдың 6- сәуіріндегі жағдай бойынша Ирикли су қоймасына ағын көлемі азайып, 2 020 м3/сек, су тастау 2 170 м3/сек, толтыру – 92%-ды құрады» Руслан Қасыбаев

Ақпарат алмасу әр екі сағат сайын жүзеге асырылады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -