Мемлекеттік материалдық резервтен 356 тонна азық-түлік броньнан шығарылды

14366
Фотосурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

ТЖМ бұйрығына сәйкес мемлекеттік материалдық резервтен Атырау облысының Құлсары қаласынан эвакуацияланған азаматтарды азық-түлікпен қамтамасыз етуге арналған 264 тонна азық-түлік (ұн, макарон, қарақұмық жармасы, ет консервілері және т.б.) броньнан шығарылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

 Сондай-ақ, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында су тасқынын жоюға жұмылдырылған 7 мың әскери қызметші үшін 92 тонна азық-түлік броньнан шығарылды.

Бұған дейін Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарының қажеттіліктері үшін су тасқынымен күресуге мемлекеттік материалдық резервтен арнайы және инженерлік техникалар, төсек-орын жабдықтары, мотопомпалар, далалық асүйлер және т. б. броньнан шығарылды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -