Air Astana өз қызметкерлеріне сыйлықақы беру үшін Компанияның Акцияларын және ҒДҚ-ны кері сатып алу бағдарламасын бастады.
Тиісті релиз 2024 жылғы 30 сәуірде жарияланды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Бағдарламаның бiрiншi бөлiгi шеңберiнде Қоғам жалпы сомасы 12 миллион АҚШ долларынан аспайтын (iлеспе шығынды қоса алғанда) 4 786 800 Акцияға (Акциялар және ҒДҚ түрінде) дейiн сатып алуға ниетті, бұл қазiргi уақытта Қоғамның орналастырылған Акцияларының (құқықтары ҒДҚ-мен куәландырылған Акцияларды қоса алғанда) жалпы санының шамамен 1,3% -ын қамтиды. Бағдарламаның бірінші бөлігі 2024 жылғы 30 сәуірде басталып, 2025 жылғы 8 ақпаннан кешіктірілмей аяқталады.
Сатып алу тиiстi биржалардың ережелерiне сәйкес және бағалы қағаздар нарығында терiс пайдалануды болдырмау туралы қолданылатын заңнаманың талаптарын сақтай отырып, басым нарықтық баға бойынша жүзеге асырылатын болады.
Реттеуші талаптарға сәйкес болу мақсатында Компания Бағдарламаны іске асыру шеңберінде күн сайын жасалған мәмілелер туралы біріктірілген ақпаратты жариялай отырып, Бағдарламаның орындалу барысы туралы нарықты апта сайынғы негізде хабардар етеді.