KURSIV AUTO 2024 тәуелсіз форумы өтті: басты айтылған дүниелер

6655
Фотосурет: Юрий Еремин/ Kursivauto2024

2023 жылы қазақстандық автокөлік нарығы жоғарғы динамика көрсетті. Ресми дилерлердің жеңіл автокөліктерді сатуы 61%-ға, өндіріс 30%-ға өсті, жаңа және ескі көліктердің импорт көлемі артты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Өткен жылы автокөліктерге сұраныс барлық сегментте қызу болған еді: ресми сатылымдар, алыпсатарлардың саудасы және ескі көліктерді кіргізу қарқынды өсті. Сонымен бірге осы жылға дейінгі көлік тапшылығы да тоқтады.

Kursiv/Auto 2024 форумының «Автокөлік нарығы 2024: шетке ығысу ма, әлде алға жылжу ма?» атты бірінші сессиясына қатысушылар нарыққа 2023 жылы рекордтық сатылымға қол жеткізуге мүмкіндік берген және 2024 жылы құлдырауды тудырған факторларды талқылады.

Қазақстан автокөлік одағының президенті Анар Мақашева өткен жылдың басында ешкім мұндай нәтижені күтпегенін айтты: өсім 20-25% аралығында болады деп болжанған еді. Оның сөзінше, 2023 жылы автокөлік сатылымының оң динамикасының себептерінің бірі көлікті несие арқылы рәсімдеудің артқаны болған екен.

«Астана Моторс» компаниясының басшысы Бекнұр Несіпбаев та аталмыш өсімге әкелген басқа факторлар туралы сөз қозғады.

«Бұл, әрине, жартылай өткізгіштердің тапшылығы болған ковид кезеңінен бері төмендеген сұраныстың есесін қайтаруы. Екінші себеп – әлемдік брендтер Ресей Федерациясының аумағынан кетуге мәжбүр болуы. Менің жеке пікірім бойынша, тапшылыққа реэкспорт те себепші» Бекнұр Несіпбаев

Биылғы жыл өткен жылға қарағанда сатылымның біршама төмендеуіне жол берді. Orbis Auto автокөліктер тобының басшысы Динара Ысқақова 2024 жылы Қазақстанда 160-165 мың көлік сатылады деп болжап отыр.

«Қазір біз көріп отырған құлдырау, жалпы алғанда, бірқатар факторға байланысты. Негізі мен 2024 жылдағы көрсеткішті құлдырау деп айта алмаймын. Нарық – өз жолына түседі, органикалық өсу болады» Динара Ысқақова

«Әрқашан өсу мен құлдырау болады. Сондықтан біз біршама төмендеуді бастан өткеруіміз керек. Менің ойымша, қазір сондай жағдайдамыз» Ресей және ТМД елдеріндегі Kia экс-президенті Ким Джин Ха

Бекнұр Несіпбаев 2024 жылы нарық көрсеткіштерінің төмендеуіне әкелген бірнеше себепті атады.

«1 сәуірден бастап сұраныс тұрақты. Біз сату көлемінің азайғанын, біріншіден, қарыздық салмақ коэффициентінен, екіншіден, Ресей нарығының жабылуынан, үшіншіден, нарықта жиналып қалған сұранысты қанағаттандыра алғандығымыздың нәтижесінен көреміз» Бекнұр Несіпбаев

Қазақстан автокөлік одағының мәліметінше, осы жылдың қаңтар-сәуіріндегі ресми дилерлердің сатылым өсімі 4%-ды құрады.

Kursiv Auto 2024 форумы барысында 2024 жылғы автокөлік нарығының жай-күйі мен келешегі, жекелей алғанда, сату, экспорт, импорт, нарықтық үрдістер, соның ішінде электромобильдер мен инфрақұрылым проблемалары, нарықтағы кадрлар, баға белгілеу мәселелері талқыланды. Шараның басты тақырыбының бірі Қытай факторы және оның нарыққа әсері болды. Сондай-ақ ұлттық автокөлік өнеркәсібінің мәселелері – авто және құрамдас бөлшектерді шығарудың нәтижелері мен келешегі, өндірушілерді реттеу қарастырылды. Автокөлікті несиелендіру және әртүрлі банктер мен микроқаржы ұйымдарындағы шарттарды салыстыру мәселелері де талқыланды.

Форумың тікелей эфирдегі жазбасын Kursiv Media Youtube арнасынан көруге болады. Форумның өзге де тақырыптары туралы Kursiv сайтындағы материалдардан оқи аласыз.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -